«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық зияткерлік байқауы өтті
21.10.2026



Ағымдағы жылдың 20–22 қазаны аралығында 9–10-сынып оқушылары «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың облыстық зияткерлік байқауына қатысты. Байқауға Бозайғыр, Бектау және Степное ауылдарының жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары қатысып, өз білімдерін, зеректіктерін және туған өлке тарихына деген қызығушылықтарын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша мектептеріміздің оқушылары III орынға ие болды!
🥉 Серік Еркенұр — Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы.
🥉 Шайзанхан Айкерім — Степное ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы.
Бұл жетістіктер — оқушылардың білімге деген құштарлығының, табандылығы мен мақсатқа ұмтылысының, сондай-ақ ұстаздардың қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Жеңімпаз оқушылар мен олардың жетекшілерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктерге, жарқын жеңістерге, сарқылмас шабыт пен биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!
Алдағы уақытта да жеңістеріңіз көп болсын! Сіздерді мақтан тұтамыз! 🎉
