2017 жылдың 18-ші сәуірінде Шортанды № 3 орта мектебінде Шортанды аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Білім саласында интернет-ресуср жүйесін басқару» атты жалпы білім беретін мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум өткізілді. Семинар –практикумға Ақмола облысы білім басқармасының Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының қызметкерлері қатысып, өзекті мәселелерге тоқталды.
Сондай-ақ, семинар барысында интернет қорлардың мазмұны жөнінде және «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі мектептердің жұмыс деңгейі туралы айтылып, нақты уақыт режимінде есептер жасау мүмкіндігі көрсетілді; «Bilimland» білім беру порталының ұстаздарға оқу процесін ұйымдастырудағы көмегі мен мектеп сайттарының жұмысы туралы айтылды. «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі мектептердің қиындықтары мен ұсыныстары талқыланды.